Анна Шевченко жекелей спринтте финалға өтті

Анна Шевченко жекелей спринтте финалға өтті

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко классикалық стильдегі жекелей спринттің іріктеу кезеңінен өтіп, Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.

Анна 27-ші орын алып, бірінші келген швециялық Стин Нильссоннан 14 секундқа (+14.53) қалып қойды.

Өкінішке қарай, қазақстандық Елена Коломина 55-ші орын (+30.48) алса, Валерия Тюленова 60-орынға (+38.53) табан тіреді. Екеуі де келесі кезеңге өте алмай қалды.

Жүлделер сарапқа салынатын финалдық бәсеке бүгін 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или