«Астана» - «Спортинг» матчында арнайы қоғамдық көліктер қатынайды

«Астана» - «Спортинг» матчында арнайы қоғамдық көліктер қатынайды

15 ақпан Астана уақытымен сағат 22.00-де «Астана-Арена» стадионында Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында «Астана» мен «Спортинг» командалары арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жанкүйер қауым асыға күткен ойынға қатынау қолайлы болу үшін Астана қаласының әкімдігі арнайы рейстер ұйымдастырып отыр.

Көрермендер үшін арнайы ұйымдастырылған автобус-шаттлдары «Қазақстан» сарайы,  «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк, Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында жолаушыларды жинап алады.

Қоғамдық көліктер Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Астана-Арена» стадионы алдындағы алаңға келіп тоқтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или