Олимпиада-2018: Төртінші жарыс күнінің қорытындысы
12 ақпанда, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында алты отандасымыз жарыс жолына шықты. Бірақ, олар команда қоржынына жүлде сала алған жоқ, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Негізі, төртінші жарыс күнінде жеті спортшымыз өнер көрсетуі керек болатын. Бірақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 7:15-ке жоспарланған тау шаңғы жарысы өтпей қалды. Сол себепті, Мария Григорова бүгін өнер көрсете алмады.

Биатлоннан әйелдер арасында 10 шақырымдық ізге түсу жарысына қатысқан қос отандасымыз жүлделі орыннан тым алыс қалды. Галина Вишневская мәре сызыған 20-шы болып кессе, Дарья Климина 57-ші орынға табан тіреді.

Ал ерлер арасында жарыстың дәл осы түрінде бақ сынаған биатлоншымыз Роман Еремин 52-ші орынды қанағат тұтты.

Қазақстандық жанкүйерлер жүлдеге қол жеткізеді деп бүгін де фристайлшылардан үміт күткен болатын. Алайда, жекелей могулда бақ сынаған Дмитрий Рейхерд да, Павел Колмаков да ақтық финалға шыға алмады. Ел үлкен үміт атқан Дмитрий Рейхерд сәл қателік жіберіп, 8-ші орынға тұрақтады. Ал Павел Колмаков тәжірибелі отандасынан бір саты жоғары орын алды.

Конькимен жүгіру спортында 1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен қазақстандық Екатерина Айдова 18-ші болып мәре сызығын кесті.

Осылайша, 12 ақпан күні ел қоржыны бос қалды.