Олимпиада-2018: Вишневская пасьютта 20-шы орын алды
Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада биатлоннан әйелдер арасында 10 шақырымдық ізге түсу жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Галина Вишневская жарысты 20-шы орынмен аяқтады. Ал Дарья Климина 57-ші орынға табан тіреді.
Бұл жарыста алтын медальді неміс Лаула Дальмайер еншіледі. Күміс жүлдені словакиялық Анастасия Кузьмина жеңіп алды. Ал қола медаль француз биатлоншысы Анаис Бесконға бұйырды.
Қысқы Олимпиада-2018. Пхёнчхан (Оңтүстік Корея). Биатлон. Әйелдер. Ізге түсу. 10 шақырым.
1. Лаура Дальмайер (Германия) — 30:35.3 (0+1+0+0)
2. Анастасия Кузьмина (Словакия) — +29.4 (0+1+2+1)
3. Анаис Бескон (Франция) — +29.6 (0+0+1+0)
20. Галина Вишневская (Қазақстан) — +2:30.6 (0+0+1+0).
57. Дарья Климина (Қазақстан) — +7:24.7 (1+1+3+3).