Тимур Құлыбаев Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарындағы қола медалімен құттықтады
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев фристайлшы Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарындағы қола медалімен құттықтады.
<span>«</span>Құрметті Юлия!
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және өз атымнан Сізді Пхенчхандағы XXІІI қысқы Олимпиада ойындарында қол жеткізген керемет жетістігіңізбен құттықтаймын.
Сіздің әлемнің үздік спортшыларымен бірге сынға түсіп, көрсеткен жеңіске деген құштарлығыңыз бен жарқын өнеріңізге миллиондаған қазақстандық куә болды.
Олимпиада ойындарының медалі - талай уақыт жұмсаған жаттығулардың жемісі. Сізді, жаттықтырушыңызды және де осы жетістікке өз үлестерін қосқан бүкіл команданы шын жүректен құттықтаймын.
Сонымен қатар, осындай спортшыны тәрбиелеп, қысқы спортты дамытып жатқан Шығыс Қазақстан облысы мектебіне жеке алғысымды білдіремін.
Сіздің бұл медаліңіз Қазақстан Республикасының олимпиадалық марапаттар тарихында өзіндік орын алатынын сөзсіз.
Сізге тек сәттілік және жеңіс тілеймін!
Құрметпен,<br />ҚР ҰОК президенті Т. Кұлыбаев<span>», - делінген құттықтау хатында.</span>