Америкалық БАҚ: Галышева сынған қолына қарамастан, еліне «қола» сыйлады

Америкалық БАҚ: Галышева сынған қолына қарамастан, еліне «қола» сыйлады

Америкалық ChicagoTribune.com сайты Пхенчхан Олимпиадасында өткен фристайлдан жекелей могул жарысына мақала арнады.

«Қазақстандық Юлия Галышева өткен айда Юта қаласындағы турнирде қолын сындырып алғанына қарамастан, өз еліне қола медаль сыйлады. Бұл Қазақстанның Кеңес Одағынан бөлініп шыққалы қысқы Олимпиадалардағы сегізінші медалі», - деп жазды портал.

Айта кетейік, Галышева қысқы Олимпиадада фристайлдан жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или