Жанкүйерлер қазіргі таңда Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына 884 мың билет сатып алды. Бұл туралы Коммуникация бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінің директоры Марк Адамс айтты, деп жазды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Пхенчхандағы Олимпиада билеттерінің 82%-ы сатылды
«884 мың билет сатылды. Бұл жалпы билеттердің 82%-ын құрайды. Сатылым жоғары болады деген үміттеміз», - дейді Адамс.
9 ақпан күні басталған Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады. 15 спорт түрінен 102 комплект жүлде сарапқа салынады.<span><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или