Олимпиада-2018: 12 ақпанға арналған жарыс кестесі
Prosports.kz назарларыңызға дүйсенбі, 12 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.
Қос фристайлшымыз Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жекелей могулда өнер көрсетеді. Жанкүйерлер бұл жарыста Қазақстанның қоржыны тағы бір медальмен толығады деп күтуде.
Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықта бақ сынасады.
Биатлоншылар Галина Вишневская мен Дарья Усанова ізге түсу сайысында өнер көрсетеді.
Ал тау шаңғысы спортынан Мария Григорова жарыс жолына шығады.
Тау шаңғысы
7:15 әйелдер, алып слалом
Мария Григорова
Фристайл
18:00 Могул. Ерлер. Финал
Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков
Биатлон
16:10 Әйелдер. Ізге түсу
Галина Вишневская, Дарья Усанова
18:00 Ерлер. Ізге түсу
Роман Еремин
Конькимен жүгіру спорты
18:30 Әйелдер. 1500 м
Екатерина Айдова
Астана уақытымен