Олимпиада кезінде 158 адам норовирустық инфекция жұқтырды

Олимпиада кезінде 158 адам норовирустық инфекция жұқтырды

Олимпиада ойындары кезінде норовирустық инфекция жұқтырғандардың саны 158 адамға жетті. Бұл туралы журналистерге ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сон Пэк Ю айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

10 ақпан күні аталған вирусты 139 адам жұқтырған болатын.

«Сенбі күні келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, аталған вирусты 158 адам жұқтырып үлгерген. Олардың кейбіреуі ауруханада ем алды. 139 адам толықтай емделді, 19 адам әзірге дәрігерлердің бақылауында. Аталған вирусты осы күнге дейін бірде-бір спортшы жұқтырмады», - дейді Сон Пэк Ю.

Естеріңізге сала кетсек, Олимпиаданың ашылу рәсімі өткен күні 11 адамның осы инфекцияны жұқтырғаны белгілі болып еді. Мыңнан астам күзетші осы себепке байланысты жұмыстан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или