Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді

Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшыларды қолдау үшін, Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барды. Ол Пхенчхандағы Олимпиадада АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенспен және Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы министрдің өзі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

“Пхенчхандағы Олимпиада АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенспен және Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесудің тамаша мүмкіндігі болды.

Аса мәртебелінің және оның жұбайының орындары менің арт жағымда және Майкл Пенске көршілес орналасқан.

Осындай тамаша компания арасында өзіміздің қазақстандық спортшыларға қолдау бідіріп жатырмыз”, – деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или