Биатлоншы қыздарымыз спринтте жүлдеге жете алмады

Биатлоншы қыздарымыз спринтте жүлдеге жете алмады

Қазақстандық биатлоншы қыз Галина Вишневская Пхенчхандағы Олимпиадада 7,5 шақырымдық спринтте 30-шы орынға ие болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Бұл сында германиялық Лаура Дальмайер топ жарды. Күміс медаль Марта Олсбюдің еншісінде. Ол жеңімпаздан 24.2 секунд қалып кетті. Ал қола алған Чехия қызы Вероника Виткова көшбасшыдан 25.8 секунд кеш келді.
Ал Галина Германия спортшысынан бір минут 46 секунд қалып қалды.

Қалған қыздарымыздың нәтижелері де көңіл көншітерлік болған жоқ. Дарья Климина 58-ші болып мәре сызығын кесті (+2:41.5).

Ольга Полторанина 63-ші (+2:53.4), Алина Райкова 71-ші (+3:27.6) болып жарысты аяқтады. Бұл екеуі із кесу сайысына жолдама ала алмады.

Ал үздік 60 спортшының қатарына енген Галина Вишневская, Дарья Климина із кесу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или