«Тобылда» доп тебетін павлодарлық футболшы «Ертіске» оралады
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Самат жарынбетовты сатып алмақшы, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

24 жастағы футболшы Павлодар футбол мектебінің тәрбиеленушісі. «Екібастұз» командасының сапында Бірінші лигада 120 ойынға қатысып, 7 гол соққан.
Премьер лигада өнер көрсету мүмкіндігіне былтыр ғана ие болған болатын. Қостанайлық «Тобылдың» қатарына 2017 жылы ақпан айында ауысқан еді. Өткен маусым 17 кездесуге қатысып, бір гол соқты.

Жақында Павлодар облысының әкімі «Ертіс» футбол клубынан жергілікті футбол мектебінің түлектеріне көптеп мүмкіндік беруді талап еткен болатын. Саматтың туған жеріне қайта оралуына осы жағдай себеп болуы мүмкін.