Қостанайда олимпиадашыларды қолдау шарасы өтті

Қостанайда олимпиадашыларды қолдау шарасы өтті

Бүгін Оңтүстік Кореяда салтанатты түрде ашылған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қостанайдан үш спортшы аттанды. Бұл – өңір тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.

<span>Ақ Олимпиада дүбірі қостанайлықтардың делебесін қоздырғандай. Бүгін мұз сарайына еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін жиналды. Жанкүйерлер қатарында коньки спортынан әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық Денис Кузиннің әжесі мен шаңғышы Виталий Пухкалоның жұбайы да жүр. Рудныйлық шорттрекші Анастасия Крестованың да тілектестері жетерлік. </span>

<span>Барлығының ортақ ниеті – төртжылдықтың басты додасында жарыс жолына шығатын жерлестерге қолдау білдіру. </span>

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или