Алматылық жанкүйерлер Олимпиада қатысушыларына сәлем жолдады

Алматылық жанкүйерлер Олимпиада қатысушыларына сәлем жолдады

Сонымен XXIII қысқы Олимпиаданың ресми басталуына бір тәулік қалды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын дарабоздарды қолдаушылар жарыстың басталуын тағатсыздана күтуде.

Спортшылардың жігерін жанып, намысын қайрайтын жанкүйерлер Алматыдан Пхенчханға сәлем жолдауда. Әлемдік доданы бастан аяқ жібермей көруге бекінген жерлестеріміздің жалғыз арманы спортшыларды жүлде тұғырынан көру. ХХІІІ қысқы Олимпиаданы көгілдір экраннан тағатсыздана күткен алматылық жанкүйерлердің қатары күн сайын артып келеді. Студенттер байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларға арнап әртүрлі флешмоб ұйымдастыруда.

Арайлым Дүйсенова, Қазақтың спорт және туризм Академиясының студенті:

- Өзім Имамбекова Айзаға жанкүйер боламын. Өйткені, ол менің құрбым, ол менің группаласым. Сол үшін оған үлкен, үлкен сәттілік, үлкен үміт артамыз. Сәттілік тілейміз. Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрайымовтың айтуынша, спортшылар үшін жанкүйерлердің орны бөлек.

Ермахан Ибрайымов, Сидней олимпиадасының чемпионы:

- Жанкүйерлердің рөлі өте маңызды. Неге десеңіз, футболшылар алаңға шыққанда 11 футболшы болып шықса, он екінші футболшы ол жанкүйерлер, дейді.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или