Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ел Кубогі басталды
Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Кубогі басталды, деп хабарлайды prosports.kz.<br /><br />2018 жылдың 7-9 ақпан күндері аралығында «Олимп» хоккей модулінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Кубогі өтуде. Жылына бір рет өтетін байрақты бәсекені биыл Ақтөбе жұрты қабыл алды. Айтулы додаға еліміздің 8 командасынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Олар 10-18 жас аралығында өзара мықты команданы анықтайтын болады. <br /><br />Үш күнге созылатын жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өткізіледі. Бұл жарыста жұптық бәсекелер жоқ. Сондықтан спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан Кубогі үш күнге созылады және шешуші сындар 9 ақпан күні өткізіліп, жеңімпаздар белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или