Юлия Галышева: Менен медаль күтіңіздер
Қазақстандық спортшы Юлия Галышева 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада медальдан үмітті екенін айтты.
«<span>Олимпиадаға жүлде үшін келдім. Бұйырса, менен медаль күтіңіздер. Мен қазір нағыз бабымдамын. Бұйырса тек медаль үшін сайысамын. Осыған дейін әлем кубогының төрт кезеңінде бағымды сынадым. Барлық кезеңдегі көрсеткішім көңілімнен шықты. Бұл кезеңдер Олимпиада алдындағы басты сынақ еді. Енді бірінші орын демесек те, екінші, үшінші орындар үшін таласуға болады</span>», - деді Галышева ҚазАқпаратқа берген сұқбатында.
<span>Еске сала кетсек, Юлия Галышева 9 ақпанда (жұма) фристайл-могулден біліктілік жарысына қатысады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или