«Шахтер» екінші оқу-жаттығу жиынында төрт жолдастық кездесу өткізеді

«Шахтер» екінші оқу-жаттығу жиынында төрт жолдастық кездесу өткізеді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының екінші оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізетін алғашқы қарсыласы ауысты, деп жазады клубтің ресми сайты.

Бұған дейін қарағандылықтар алғашқы жолдастық кездесуін Украинаның «Заря» командасына қарсы өткізуді жоспарлаған. Алайда, Луганск қаласының клубы бұл кездесуден бас тартқан.

«Кеншілер» енді Грузия чемпионатында бақ сынайтын «Самтредиа» командасымен кездеспек. «Самтредиа» - Грузия чемпионатының өткен маусымдағы қола жүлдегері. 2016 жылы ел біріншілігін жеңіп алған.

Кездесу өтетін күн өзгеріссіз қалды. Жолдастық ойын 10 ақпан күні Астана уақтымен сағат 20:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтердің» өзге қарсыластары да белгілі. Олар армениялық «Бананц», сербиялық «Пролетер» және Грузия елінің командасы «Динамо».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или