«Ақтөбе» бүгін Грузияның «Торпедо» командасымен жолдастық кездесу өткізеді
<span>«Ақтөбе» командасы бүгін Грузия елінің «Торпедо» футбол клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады қазақстандық клубтің ресми сайты.</span>
«Ақтөбенің» осы жолғы қарсыласы өздеріне жақсы таныс. 2012 жылы Еуропа лигасының іріктеу сынында жолдары түйіскен. Ол кезде қазақстандықтардың жолы болған болатын. <span>5 шілдеде Кутаисиде 1:1 есебі тіркелсе, 12 шілдеде «Ақтөбе» қарымта ойында Марат Бикмаевтың жалғыз голының көмегімен жеңіске жеткен еді.</span>
<span>«Торпедо» — Грузияның Кутаиси қаласының футбол клубы. 1946 жылы құрылған. Өз ойындарын 14 700 жанкүйер сыйғызатын «Рамаз Шенгелия» стадионында өткізеді. Өз елінің төрт дүркін чемпионы. </span>
«Ақтөбе» және «Торпедо» командалары арасындағы матч бүгін Белек қаласының Titanic Delux қонақүйінің алаңында өтеді, Ақтөбе уақыты бойынша 19:00-де (Астана уақыты 20:00) басталады.