Оңтүстік Кореяда күн райы күрт суып кетті

Оңтүстік Кореяда күн райы күрт суып кетті

Қысқы Олимпиада ойындары өтетін Пхенчхан мен Канын қалаларында сынап бағанасы күрт төмендеп, күн құбыла бастады, 24.kz телеарнасы.<br />

«Бірақ табиғаттың тосын мінезі байрақты бәсекені өткізуге еш кедергі болмайды», – дейді Ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом. Осы мақсатта әртүрлі алдын алу шаралары қолға алынып жатыр. Әсіресе желдің қатты екпіні трамплиннен секіру сияқты спорт түлері үшін аса қауіпті саналады. Сондықтан ұйымдастырушылар арнайы кедергілер қоюды жоспарлап отыр. Дәл қазір Олимпиада өтетін аумақтағы температура -21-ді көрсетіп тұр.

Алайда синоптиктер Олимпиада басталғанша күн жылитынын айтады. Ал әлем сарапшылары Оңтүстік Кореядағы дода тарихтағы ең суық Олимпиада болады деп болжаған еді. Қалай болғанда да қысқы ойындардың ашылу салтанатына 3 күн қалды. Қазірдің өзінде оған 826 мың билет сатылып үлгерген. Бұл жалпы билеттің 77 пайыздан астамы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или