«Ақтөбе» «Бешікташтан» ойыншы алмақ

«Ақтөбе» «Бешікташтан» ойыншы алмақ

Стамбулдық «Бешікташтың» армениялық жартылай қорғаушысы Араз Озбилиз мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруы мүмкін.

Milliyet ақпаратына сүйенсек, 27 жастағы футболшы «ақ-қызылдар» сапына қосылу үшін медициналық тексерістен де өтіп үлгерген. Жақын арада келісімшартқа қол қоймақ. Осы масуымда жартылай қорғаушы Түркия чемпионатында матч өткізген жоқ.

Озбилиз бұған дейін «Бешікташтан» бөлек, голландиялық «Аякс», ресейлік «Кубань» мен «Спартак» (Мәскеу) пен испаниялық «Райо Вальекано» клубтарының намысын қорғаған. Армения ұлттық құрамасы сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или