Ресей спортшылары Халықаралық Олимпиада комитетін сотқа берді
2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадаға бара алмай қалған ресейлік спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетін (ХОК) сотқа берді.
Ресейлік 32 атлет ХОК-ті сотқа беріп, сол арқылы Олимпиадаға жолдама алмақ. Себебі ХОК Ресей құрамасын толығымен қысқы Олимпиададан шеттетіп тастаған болатын.
Бұл сотта ресейлік спортшылар «азаматтық тұрғысында алалау, шешім шығаруда құқық бұзу, CAS шешімін орындамау, сондай-ақ, кәсіпқой мансапқа, абыройға нұқсан келтіру» секілді себептерді қарастырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или