Бүгін «Астана» мен Кытай чемпионатының 8 дүркін чемпионы жолдастық матч өткізеді

Бүгін «Астана» мен Кытай чемпионатының 8 дүркін чемпионы жолдастық матч өткізеді

«Астана» Біріккен Араб Әмірлігінде өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясындағы келесі кездесуін Қытайдың 8 дүркін чемпиондары, Азия Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Ляонин» командасына қарсы өткізеді. 

 «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі аталмыш кездесуді клубтың ютуб-арнасында тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. 

Ойын бүгін, 6 ақпан күні, Астана уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей көрсетілім шамамен 17:45-ке жоспарланған. 

Тікелей эфирдің сілтемесі ойынның басталуына санаулы сағаттар қалғанда клубтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или