Бас бапкер Қазақстан құрамасының сәтсіздігі туралы пікір білдірді
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатында қола үшін таласқан Қазақстан құрамасы Финляндиядан 4:8 есебімен жеңіліп, жүлдесіз қалған еді.
Осы сәтсіздіктен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Ілияс Хандаев пікір білдіріп, ойын жайлы сөз қозғады.
<span>«Ойынға келсек, бәрі айтылды. Егер мен мұнда еш эмоциясыз, бос кеуектей отырсам, балаларға одан да қиын, олардың да көңіл-күйі жоқ. Ойын нәтижесіне қарасақ, менің алғашқы қадамым сәтсіз болған секілді. Командаға көңілім толады. Олар аз ғана уақытта жиналды. Біз команданы тактикалық схемалармен ғана емес, тұтас ұжым ретінде біріктіруге тырыстық", - деді І.Хандаев баспасөз мәслихатында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или