Әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға әкелінді
Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының бас трофейі чартерлік рейспен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Дәстүрге сай, футболдың ең айтулы додасы қарсаңында таза алтыннан құйылған 6 кг Әлем кубогы спортсүйер қауымды біріктіру мақсатында жаһанды шарлап шығады. Кубокты алып жүрген ФИФА делегациясы Алматыға кешеуілдеп жетті.
Жоспарға сай, 10:30-да қонуы тиіс ұшақ, Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты, Бішкектің қосалқы аэродромына уақытша қонды. Әлем кубогы «мінген» ұшақ Алматыға 13:50-де келді. Трофей Қазақстанда бір күн болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или