Қазақстан конькишілері олимпиадалық қалашыққа орналасты

Қазақстан конькишілері олимпиадалық қалашыққа орналасты

Конькишілеріміз Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы олимпиадалық қалашыққа барып орналасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Оңтүстік Кореяның халықаралық әуежайында қазақстандық могулшылар,<span> </span>шана<span> </span>мен тау шаңғы спортшылары және шорт-трекшілерді қарсы алады. Бұған дейін<span> </span>хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы XXIII қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Отандастарымыз спорттың 9 түрінен сынға түседі. Қазір спортшылар соңғы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Олимпиада қалашығына қазақстандық спортшылардың алғашқы легі 1 ақпан күні барып орналасты. Ал соңы 7 ақпанға дейін барады. Бұл күні Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или