«Ертіс» ресейлік «Олимпиецтен» басым болды

«Ертіс» ресейлік «Олимпиецтен» басым болды

«Ертіс» (Павлодар)-«Олимпиец» (Ресей, Нижний Новгород) 2:0 (0:0).

Түркиядағы екінші жаттығу жиындары жоспар бойынша кездесулерге толы болмақ. Осы жолы павлодарлық команда «Олимпиец» футбол клубына қарсы ойын өткізді. Жерард Нустың тәлімгерлері алаңда өзара байланыс орнатып, әрекеттері бір жүйеге келе жатқандығы байқалды.

Бірінші тайм басталысымен Нижний Новгород футболшылары бірқатар қауіпті шабуылдар жасаған еді. Бұл ретте, «Ертіс» қақпасында тұрып, сенімділігі артып келе жатқан Калмыков, кезекті рет көзге түсе білді. Командаға жаңадан келген Дору Попадюктың, есепті ашатын тамаша мүмкіндігі болды, алайда ресейлік голкипер уақытында әрекет етті.

Матчтың екінші жартысында, павлодарлықтар қысым көрсетуді жалғастырды. Оң жақ қапталға берілген тамаша пас, жылдым шабуылға негіз болды. Прессинг нәтижесінде, 69 минутта қарсыластардың қорғанысы сыр беріп, ойыншылардың қателіктері автоголға әкелді. Екінші гол да, өзін көп күттірмеді. Бірер минуттардан соң, оң жақтан басталған шабуыл қайтадан нәтиже берді. Керемет жасалған ассист, Әлібек Аяғановтың соққысымен аяқталды. Қорытынды есеп, 2:0, «Ертіс» ресейлік «Олимпиецтен» басым болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или