Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін таласады

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін таласады

Хабаровск қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда шведтермен айдынға шықты, деп хабарлайды Рrosports.kz  inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

<span>Аса тартысты өткен матчта қазақстандықтар өткен жылғы әлем чемпионына 4:5 есебімен есе жіберді. Бұл ойында қазақстандықтардан Артем Вшивков хет-триктің авторы атанса, тағы бір голды Руслан Галяутдинов соқты. Екінші жартылай финалда ресейліктер фин құрамасын 8:2 есебімен ұтты.</span>

<span>Осылайша, ертең шведтер мен ресейліктер алтын медаль үшін таласса, қазақстандықтар мен финдер қола жүлдеге ие болу үшін айдынға шығады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или