Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның финалына шыға алмады

Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның финалына шыға алмады

Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатының финалына шыға алмады.

Жартылай <span>финалда жерлестеріміз Швеция құрамасымен кездесіп жеңіліп қалды. Кездесудегі есеп: 4:5 (2:2, 2:3) </span>

<span>Енді Әлем чемпионатының финалында Швеция құрамасы Финляндияны жеңген Ресей бендишілерімен күш сынасатын болады. Ал қазақстандықтар Финляндия құрамасымен қола медальге таласады.</span>

<span>Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін еш қиналмай жеткен болатын.</span>

Топтық кезең:

Қазақстан - Венгрия 29:0

Қазақстан - АҚШ 14:1

Қазақстан - Германия 17:2

Ширек финал: 

Қазақстан - Норвегия <span>6:1</span>

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или