Рияд Махрез төрт күн бойы жаттығуға қатысқан жоқ

Рияд Махрез төрт күн бойы жаттығуға қатысқан жоқ

«Лестердің» жартылай қорғаушысы Рияд Махрез төрт күн бойы команданың жаттығуына келген жоқ.

Англия ақпарат құралдарының хабарлауынша 26 жастағы футболшы клуб басшыларының өзін «Манчестер Ситиге» сатпай қойғанына өкпелі.

Қысқы трансфер кезінде манчестерлік клуб Махрез үшін оның қазіргі командасына 50 млн еуро ұсынған еді. Алайда, «Лестер» басшылары бұл соманы азсынып, 80 миллион сұраған болатын.

Клуб басшыларының осы ісі үшін ашуланған Махрез команданың жаттығуынан бас тарып отыр. Ол енді осы әрекеті үшін 200 мың еуро айыппұл төлейтін болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или