Олимпиада ойындары қауіпсіздігін 10 мың полицей мен дрондар қамтамасыз етеді
Шамамен 10 мың полиция қызметкері, оның ішінде арнайы бөлім Пхёнчхандағы Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат жазды.
<span>Салтанатты ашылу рәсімі 9 ақпанда Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бөліп тұрған демилитаризациялық аймақтан 80 шақырым қашықтықта өтеді. </span>
<span>Осыған байланысты ресми Сеул қандай да бір арандатушылықтың болмауы үшін барлық сақтық шараларын қабылдады. </span>
<span>Белгілі болғандай, Оңтүстік Корея билігі Олимпиадалық ойындар үшін тосқауылшы дрондар флотилиясын сатып алды. Олар камералармен және адам түрін анықтайтын түрлі бағдарламамен жабдықталған. </span>
<span>Ал барлық аватомобильдер көлік ішіндегі заттарды тексеруге мүмкіндік беретін арнайы сканерден өткізіледі.</span>