«Қайрат» «Динамомен» тең түсті

«Қайрат» «Динамомен» тең түсті

Жаңа маусымға Түркия жерінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан алматылық «Қайрат» Санкт-Петербург қаласының «Динамо» командасымен жолдастық кездесі өткізді. Ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Ресейлік команда ойын барысында үш рет есепте алға шыққанымен алматылықтар абдырып қалмай, есепті теңестіріп отырды.

«Қайрат» қатарынан Чума Анене, Исламбен Қуат және Андрей Аршавин гол соқты.

«Қайрат» 1-ші тайм: Плотников, Вороговский, Лунин, Соколенко, Парагульгов, Элек, Исаэль, Исламхан, Швырев, Анене.

«Қайрат» 2-ші тайм: Покатилов, Суюмбаев, Алип, Гогуа, Қуантаев, Абікен, Нурмугамет, Парагульгов, Қуат, Аршавин, Анене.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын алматылық команда «Лудогорецпен» жолдастық кездесу өткізіп 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или