«Атырау» екінші ОЖЖ бастады

«Атырау» екінші ОЖЖ бастады

«Мұнайшылар» екінші жиындағы алғашқы жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Кеше кешкісін Анталияға ұшып келген «Атырау» футбол клубы бүгіннен бастап өз жаттығуларына кірісті.

Вахид Масудов шәкірттері аталған екінші оқу-жаттығу жиындарының барысында күніне екі мәрте, яғни таңертең және кешке дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

Даярлықты бүгіннен бастаған атыраулықтар бүгін ең алдымен ертеңгісін жүгіру жаттығуын жасап, артынша нормативтік тестілеу тапсырды. Ал кешке болса, алаң ортасында физикалық ширату жаттығуларынан бөлек, жарты алаңда екіге бөлініп доп тепті.

Алдын ала жоспар бойынша, арғыгүні, 2 ақпанда, командамыз осы жиындағы бірінші бақылау матчын өткізеді. Сол және қалған жолдастық кездесулердегі қарсыластарымыз жайлы ертең жазатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или