Жеңіл атлетика

Азия чемпионатында ерлерге әйелдер сайысын көруге тыйым салынады

news-banner7
mobile-news-top

Иранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегi Азия бiрiншiлiгi басталды. Бұған дейін жарысқа аттанған спортшылар тізімін жариялаған болатынбыз.

Жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бiр қызығы ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекелер жеке-жеке өтеді. Иранның заңдарына сәйкес әйелдер арасындағы жарыстарға бапкерлiк, төрешiлiк, дәрiгерлiк т.б қызмет атқаруға, жарысты тамашалауға-көруге бiрде-бiр еркек жiберiлмейдi. Әйелдерге ерлердiң бәсекелерiн тамашалауға рұқсат берiлген, бірақ ол үшiн олар бастарына орамал тағып, бүкіл денені жабатын киім киiп жүрулерi керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер