«Сарыарқа» сырт алаңда «Ермак» командасын жеңді
Жоғары хоккей лигасы (ВХЛ) аясында Ангарск қаласына қонаққа барған қарағандылық «Сарыарқа» жергілікті «Ермак» командасын ірі есеппен жеңіп қайтты.
Қазақстандық команда отағасы команданың қақпасына жауапсыз алты шайба соқты.
«Сарыарқа» келесі кездесуін 2 ақпанда Красноярск қаласының «Сокол» командасына қарсы өткізеді. Ол матч Астана уақытымен сағат 18: 00-де басталады.
«Ермак» (Ангарск) - «Сарыарқа» (Қарағанды) - 0:6 (0:2, 0:1, 0:3)
Шайба соққандар:
0:1 – Ердаков (Назаркин, Сарваров) – 03:36
0:2 – Альшевский (Зиазов, Первышин) – 09:42
0:3 – Назаркин (Поляков) – 30:31
0:4 – Ломако (Тамбиев) – 40:57
0:5 – Валицкий (Соколов, Поляков) – 54:09
0:6 – Соколов (Поляков, Валицкий) – 59:14
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или