«Атлетик Бильбао» Испания тарихындағы ең қымбат қорғаушыға қол жеткізді

«Атлетик Бильбао» Испания тарихындағы ең қымбат қорғаушыға қол жеткізді

«Реал Сосьедад» командасының қорғаушысы Иньиго Мартинес өз мансабын «Атлетик Бильбао» клубында жалғастыратын болады. 

26 жастағы испаниялық қорғаушы үшін бильбаолық команда 32 миллион еуро шығындалып отыр. Бұл Испания Ла лигасы тарихында қорғаушы үшін төленген ең көп қаржы. Бұған дейін бұл рекорд <span>«Севилья» командасынан «Реал Мадридке» көшкен Серхио Рамосқа тәуелді болатын. 2005 жылы Королдық клуб бүгінгі капитаны үшін 27 млн еуро төлеген болатын.</span>

<span>Мартинес енді «Атлетик» сапында 2023 жылға дейін доп тебетін болады. Әрі жыл сайын 5 млн еуро жалақы алып отырады. </span>

<span> «Атлетик Бильбао» командасы кеше ғана франциялық қорғаушысы Эмерик Ляпортты «Манчестер Ситиге» 65 миллион еуроға сатқан еді. Енді, сол орынды Иньиго Мартинес басатын болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или