Қазақстан кубогын екі дүркін Олимпиада чемпионы жеңіп алды
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, польшалық Юстина Ковальчик шаңғы жарысынан Қазақстан Ашық кубогы аясында жекелей сөре сайысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 қаңтар мен 2 ақпан арасында Алматы облысындағы «Алатау» биатлон кешенінде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Мұнда бес ел қатысушылар жиналған. Қазақстан, Украина, Польша, Ресей және Қырғызстаннан 100 кәсіпқой шаңғышылар қатысады.
Бүгін ерлер (10 км) мен әйелдер (5 км) арасында классикалық стильде жекелей сөре сайысы өтті. Мұнда Олимпиада лицензиясының иегері Евгений Величко мен польшалық шаңғышы қыз Юстина Ковальчик ұтты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер. Жекелей сөре жарысы
Әйелдер (5 км):
1 орын – Юстина Ковальчик (Польша), нәтижесі - 14:21,1;
2 орын – Анна Шевченко (Қазақстан), нәтижесі - 14:43,5;
3 орын – Ирина Быкова (Қазақстан), нәтижесі - 14:53,3.
Ерлер (10 км):
1 орын – Евгений Величко (Қазақстан), нәтижесі – 25:34,4;
2 орын – Сергей Малышев (Қазақстан), нәтижесі – 26:09,4;
3 орын – Виталий Пухкало (Қазақстан), нәтижесі – 26:38,6.