Алвес: Неймарға Мессидің көлеңкесінен шығу қажет болды

Алвес: Неймарға Мессидің көлеңкесінен шығу қажет болды

ПСЖ қорғаушысы Даниэль Алвес отандасы Неймар каталондық клубтың қатарынан кету арқылы дұрыс шешім қабылдады деп есептейді. 

<span>«Футбол әлеміндегі орнын алып қарасақ Неймар Мессимен бір деңгейде болды. Сондықтан Неймарға Мессидің көлеңкесінен шығу қажет еді. Әрине, Мессимен бір командада ойнау үлкен мәртебе. Дегенмен, ойдың бір түкпірінде ол мықты ма мен ба деген сұрақтың тұрары анық. </span>

<span>Маған Мессимен бір командада ойнаған әрқашанда ұнайтын. Бірақ ол аргентиналық.  Ал біз Неймар екеуміз бразилиялықпыз. Түптің-түбінде бір-бірімізге алаңда қарсы келетініміз анық еді. Менің ойымша жеке жүлдеге қол жеткізу үшін Мессимен бір командада емес бөлек ойнау тиімді болады. Бұл қадам Неймар үшін де Бразилия құрамасы үшін де өте маңызды еді. Осылай ол өз жолымен жүре алады», деді Даниэль Алвес. </span>

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или