Игорь Трофимец: Қатемізді түзетуіміз керек

Игорь Трофимец: Қатемізді түзетуіміз керек

«Ақтөбе» қақпашысы команданың өткен жиыны жайлы айтып берді. 

-Игорь, алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Жасаған жұмысың жайлы не айтасың? 

-Иә, алғашқы жиын аяқталды. Бірақ негізгі жұмыс алда. Біз ендігі физикалық бабымызды қалыпқа келтіріп жатырмыз. Екінші, үшінші жиын барысында маусымда жақсы ойнау үшін одан да көп тер төгу керек болады. 

-Бұл жиында команда үш бақылау матчын өткізді. Сен ол ойындардың екеуіне қатыстың. Бұл кездесулер қалай өтті? 

-Біз алғашқы жиында-ақ мықты командалармен ойнадық. Оның үстіне тек өз күшімізбен ойнадық, алаңға дені жергілікті ойыншылар шығып отырды. Иә, үш ойында да жеңілдік. Бірақ бір жағынан алып қарасақ, біз өз қателіктерімізді байқап көрдік, енді соларды түзетуіміз керек. Кейбір ойын сәттерінде мен де сенімді ойнай алмадым. Өзіммен әлі жұмыс жасауым қажет. Жолдастық кездесу болсын, ресми болсын – әрқашан да жеңгің келетіні рас. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или