Олимпиада-2018: Қазақстанның Туы атлеттер ауылына алғашқылардың бірі болып ілінді

Олимпиада-2018: Қазақстанның Туы атлеттер ауылына алғашқылардың бірі болып ілінді

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті қазақстандық спортшыларды күтіп алуға сақадай сай тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім етті.

Комитетте айтылғанындай, Пхёнчхан мен Каннындағы атлеттер ауылында Қазақстанның Мемлекеттік Туы алғашқылардың бірі болып ілінген.

ҰОК сонымен бірге, Қазақстанның ұйымдастыру штабының делегациясы дайындалғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасының биатлоншылары 1 ақпанда бірінші болып олимпиадалық ауылға кіреді. Келесі күні тау шаңғысы спорты мен коньки спортының шеберлері ұшып келеді. 3 ақпан күні олимпиадалық ауылға шорт трек пен могулшылар, 5 ақпан күні шаңғышылар, трамплиннен секірушілер жетеді. Фристайл-акробатика бойынша Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар 8 ақпанда, ал мәнерлеп сырғанаушылар одан кейін бармақ.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 46 спортшысында спорттың 9 түрі бойынша Олимпиада лицениясы бар.

Қазақстанның Туын олимпиадалық ауылда салтанатты түрде көтеру шарасы 7 ақпанда өткізілмек.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяда қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпанда өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или