Полторанин Олимпиада алдындағы жарыста 64-ші орын алды
Бүгін Әлем кубогының австриялық Зефельде қаласында өткен кезеңінде Алексей Полторанин Олимпиада-2018 алдындағы соңғы жарысына қатысты деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздің шаңғышы конькилік жүріспен 15 шақырымдық масс-стартта 64-ші орында келді.
Полторанин конькилік жүріс әдісінде әлсіздеу болғандықтан, фаворит саналмады. Ол бірінші орын алған швейцариялық Дарио Колоньядан екі минуттан астам (+2:25.8) уақытқа қалып қойды.
Естеріңізге салсақ, Полторанин жекелей конькилік спринтке қатыспаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или