«Барыс» сырт айдында «Куньлунь Ред Стар» командасын жеңді

«Барыс» сырт айдында «Куньлунь Ред Стар» командасын жеңді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) соңғы ойындарының бірін Астананың «Барысы» Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Кездесудің екінші бөлігінде команда капитаны Найджел Доус пен Дмитрий Шевченко мергендіктерімен көзге түсті. Үшінші кезеңде де қарқынын төмендетпеген астаналықтардан Роман Савченко пен Дмитрий Гурков есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, 74 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орынға ие болған астаналықтар плей-офф бәсекесіне шыға алмады. Қазіргі кезде Олимпиада ойындарына байланысты ҚХЛ-да үзіліс жарияланды. Биылғы маусымда «Барыстың» бір ғана ойыны қалды. 1 наурыз күні Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері елордада «Авангард» (Омбы) командасын қабылдайды.  Бірақ бұл ойын ештеңені шешпейді.

«Барыс» хоккейшілерінің көпшілігі Қазақстан құрамасында ойнайтындықтан, ендігі міндет - сәуір айында Венгрия астанасы Будапеште өтетін бірінші дивизион командалары арасында өтетін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалу. Онда қазақстандықтар элиталық топқа берілетін жолдаманы жеңіп алу үшін барын салатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или