Қайрат Ахметов титулдық кездесуде жеңіліс тапты

Қайрат Ахметов титулдық кездесуде жеңіліс тапты

Манилда (Филиппин) ONE FC: Global Superheroes турнирі мәресіне жетті. Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қайрат Ахметов пен Джек Эустакио кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде аса жеңіл салмақтағы ONE FC-дің уақытша чемпиондық титулы сарапқа салынған. Өкінішке орай бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіліп қалды.

Жекпе-жек белгіленген бес раундқа жалғасып, жеңімпаз төрешілердің бірауыздан шешімімен белгілі болды.

Енді филиппиндік чемпиондық атақ үшін Адриан Мораеспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или