«Алматы» өз алаңында «Құлагерді» қабылдайды

«Алматы» өз алаңында «Құлагерді» қабылдайды

Қаңтардың 23-і мен 24-і күндері Halyk Arena мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің кезекті ойындары өтеді.

«Алматы» xоккей клубы өз алаңында петропавлдық «Құлагер» командасын қабылдайды. Матчтардың басталуы 19:00-де.

Биылғы маусымда қос ұжым бір-бірімен 4 рет кездесіп, алматылықтар тек бір ойында жеңіске қол жеткізген болатын.

Айта кетер жайт, ел чемпионатының турнир кестесінде «Алматы» ХК 71 ұпаймен бесінші, ал, «Құлагер» ХК үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или