«Барыс» пен «Лада» хоккейшілері ойын барысында жаға жыртысты
Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен «Барыс» және «Лада» командалары арасындағы кездесудің алғашқы бөлегінде хоккейшілер қақтығысып қалды.
Кездесудің жетінші минутында астаналық «Барыс» клубының қорғаушысы Александр Липинді құлатқаннан кейін екі команданың ойыншыларының қатысуымен тәртіпсіздік басталды. Осыдан кейін төреші «Ладаның» екі ойыншысын, Александр Стрельцов пен Дамир Рахимуллинді екі минут алаңнан кетуге бұйырды.
Үзіліске дейін «Барыс» командасы 2:1 есебімен жеңіп келеді. Шайбаны, Доус пен Даллмэн соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или