«Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 миллион теңгеге сатылды

«Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 миллион теңгеге сатылды

«Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Ресми атауы «Бейбарыс-Атырау» шайбалы хоккейден облыстық кәсіби спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деп аталатын «Бейбарыс» хоккей клубы кейін сатып алу құқығымен 500 млн теңгеге сенімді басқаруға берілді. Сауда-саттық өткізілді, бастапқы баға 183 млн теңге болды», - деп мәлім етті облыстық Қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бисембиев.

Аты-жөні аталмаған клубтың жаңа иегері оның қызметін жалғастыруға және жұмысшылардың санын қысқартпауға міндеттелді. Онымен қоса, ол бүгінгі күні 120 жеткіншек жаттығып жүрген балалар секциясын сақтап қалуы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или