Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр
Петропавлда кикбоксинг-спортшы азамат Досымбай Азамат комада жатыр.
“Азаматтың жағдайы ауыр. Ешқандай өзгеріс жоқ”, – деді СҚО дене шынықтыру мен спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
7-9 желтоқсан күні Петропавлда кикбоксингтен Қазақстан кобогінің финалы өтті. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан елінен кәсіби спортшылар қатысты. Семейлік Михаил Иванченко мен астаналық Азамат Досымбай жекпе жекке шықты. 1,5 сағаттан соң Азамат күміс медальмен марапатталды. Марапаттау салтанатынан соң өзін жайсыз сезінген спортщы есін жоғалтып алды. Сол сәттен бастап аппаратқа таңылып, әлі күнге комада жатыр.
Досымбай Азамат әлем чемпионатында қола жүлде иеленген
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или