Андрей Назаров «Нефтехимик» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Андрей Назаров «Нефтехимик» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Нижнекамсклік «Нефтехимик» командасы бас бапкері Андрей Назаровпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды клубтің ресми сайты. Андрей еліміз жанкүйерлеріне Қазақстан ұлттық құрамасының және астаналық «Барыс» командасының бұрынғы бапкері ретінде жақсы таныс.

43 жастағы ресейлік маман қазіргі командасымен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімге отырды. Ол клуб тізгінін 2016 жылдың қазан айында ұстаған болатын.

Осы маусымда «Нефтехимик» 82 ұпай жинап, шығыс конференциясында бесінші орынды иеленіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или