«Ақжайық» командасы «Локомотивті» жеңді

«Ақжайық» командасы «Локомотивті» жеңді

Допты хоккейден бүкілресейлік жоғары лига командалары арасындағы жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойынын Орынбордың «Локомотив» командасына қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Кеше өткен кездесуде командалар 3:3 есебімен тең тарқасқан еді.

Бүгінгі ойын да Орал қаласындағы «Стеновик» стадионында өтті. тартысқа толы кездесу 5:3 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілді. Батысқазақстандықтар сапынан Андрей Гущин қос голдың авторы атанса, Сұлтан Қадыржанов, Қуаныш Темірәлин және Петр Грибанов қарсыластар қақпасына бір-бір доптан енгізді. «Локомотивтен» Роберт Гиниатуллин екі гол соғып, көзге түсті.

Осы жеңістен кейін Ресейлік маман Владимир Кожевниковтің шәкірттері Екінші топта 10 ойыннан кейін 11 ұпай жинап бесінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или