Хоккейден жастар құрамасының қарсыластары анықталды
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты Канаданың Ванкувер мен Виктория қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР ҰОК.
<span>Аталмыш турнир 2018 жылдың 26 желтоқсанында басталып, 2019 жылдың 5 қаңтарында аяқталады. Қазақстан жастар құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ құрамаларымен күш сынасады.</span>
<span>Канада, Чехия, Дания, Ресей мен Швейцария құрамалары «А» тобында мықтыны анықтайды. Екі топта соңғы орын алған командалар элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін тартысады. «В» тобының ойындарын Виктория қаласы қабылдайды.</span>
<span>Еске сала кетсек, АҚШ-тың Баффало қаласында хоккейден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы турнирде қалу үшін Данияға қарсы өткізген екі ойында (4:5, 2:3 Б) жеңіліп, элиталық дивизионнан шығып қалды. Беларусьтің орнын Қазақстан иеленген болатын.</span>