Мамбеталиев ҚХЛ Жұлдыздар матчында Чернышев дивизионының құрамасын баптайды

Мамбеталиев ҚХЛ Жұлдыздар матчында Чернышев дивизионының құрамасын баптайды

«Барыс» ХК уақытша бас бапкері Ғалым Мамбеталиев Астанада өтетін ҚХЛ Жұлдыздар матчында Чернышев дивизионының құрамасын жаттықтырады.

Қазақстандық маман «Салават Юлаевтың» бас бапкері Эркку Вестерлундтың орнына келді.

- ҚХЛ Жұлдыздар матчына дайындық барысында дивизиондардың бапкерлік құрамына өзгерістер енгізу керек болды: Олег Знарок (Бобров дивизионы), Зинээтула Билялетдинов (Харламов дивизионы), Андрей Скабелка мен Эркка Вестерлунд (Чернышев дивизионы) белгісіз себептерге байланысты ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатыса алмайтын болды. Сондықтан бізге тез арада бапкерлерді тағайындау қажет еді.

Кеше бізге «Барыстың» басшылығы Жұлдыздар матчына елордалық клубтың бұрынғы бас бапкері Евгений Корешковтың орнын басқан Ғалым Мамбеталиевті шақыруды ұсынды. Жұлдыздар матчын қабылдайтын Астана қаласына құрмет көрсетіп бұл ұсынысты қабылдадық. Мұндай хоккей тойында ұлттық құрама мен жастар командасында қызмет еткен қазақ бапкерін көру жергілікті жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш болады деген ойдамыз, - деді ҚХЛ-дың вице-президенті Георгий Кобылянский.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или